Мереке

Ақтөбеде Жеңістің 78 жылдығына орай концерт өтті

9 мамырда Орталық саябақта, сондай-ақ шаһардың басқа да алаңдарында мерекелік концерттер ұйымдастырылды.

Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы және Т.Ахтанов атындағы драма театрының өнерпаздары соғыс жылдарындағы әндерді шырқап, майдангерлердің ерлігі баяндалған театрландырылған қойылым сахналады.

Саябаққа жиналған ақтөбеліктер 18 жасында ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова туралы қойылымды ерекше жылылықпен қабылдады.

Ұлы Отан соғысы кезінде Ақтөбе облысынан майданға барлығы 122 мыңнан астам адам аттанды, оның 36 мыңнан астамы соғыстан қайтып оралмады. 35 ақтөбелік Кеңес Одағының Батыры атағымен, 9 адам «Даңқ» орденімен марапатталды.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button