Мереке
Бейбіт күннің батырлары

«Ер есімі ел есінде» акциясы аясында Ақтөбе қаласындағы №47 орта мектеп ұстаздары мен оқушылары Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ақтөбеліктерге арналған ескерткіш белгісіне гүл қойып, тағзым етті.


Қасіретті оқиға куәгері Ермек Абдуллин шараға қатысып сөз сөйледі. Сондай-ақ, Ауған соғысының ардагерлері де осы жиынға арнайы келді.

Жиналғандар алдында оқушылар өлең оқып, ән шырқады. Адамзатқа ауыр қайғы әкелер мұндай апаттар енді қайталанбаса екен деген тілек айтылды.
«Ақтөбе-ақпарат»



