Мереке

Ұрпақ ұмытпайды

Бүгін Ақтөбе қаласындағы Ұ.Құлымбетов атындағы №64 орта мектептің алаңында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Құлымбетовтің ескерткішіне «Ерлікке тағзым» шарасы аясында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Шараға Ұзақбай Құлымбетовтің туыстары, зиялы қауым, мектеп ұжымы, оқушылар және тұрғындар қатысты. Ұзақбай Желдібайұлының ескерткіші туралы ақпарат беріліп, қызықты деректері айтылып, оқушылар алаш қайраткерлерінің өлең жолдарын оқыды.

Одан соң ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Ұзақбай Құлымбетов кеңестік Қазақ республикасын құрушылардың бірі, оның аяққа тұруы жолында орасан зор еңбек етті. Ол еңбек жолын мұғалімдік қызметтен бастап, өлкелік атқару комитетінің төрағасы болды. Ұлттық мүддені жоғары қойған азаматқа «халық жауы» деген жалған айып тағылып, 1938 жылы ату жазасына кесілді. Қысқа ғұмыр сүрсе де, артында өшпестей із қалдырды.

«Ақтөбе-ақпарат»

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button