Мереке

Құрметті соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Ақтөбе облыстық мәслихатының VIII шақырылымының депутаттық корпусы Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды!
Сіздердің батырлықтарыңыз біздің мемлекетіміздің шежіресіне алтын әріптермен жазылған. Біз өздеріңіздің әскери майдан жылдары көрсеткен ерліктеріңіз бен батылдықтарыңызға табынамыз.
Жеңіске керемет күш пен орасан зор құрбандықтың арқасында қол жетті. Ол майдангерлердің теңдесі жоқ батылдығы мен мызғымас рухының, тыл еңбеккерлерінің табандылығы мен адалдығының арқасында қкелді. Олардың ерліктері мәңгілік!
Ақтөбеліктер, соғысқа қатысушылар майдан шебінде аянбай шайқасты. 35 адам Кеңес Одағының Батыры атанды, мыңдаған жерлестер жоғары ордендермен және медальдармен марапатталды. Біз мұны жадымызда ұстауымыз керек және жас ұрпақты майдангерлердің ерлікке толы мысалдарымен тәрбиелеуіміз керек, өйткені соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері бізге шынайы патриотизмді, төзімділік пен күш-жігерді үйретеді.
Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, сарқылмас жігер, амандық пен бақыт тілейміз! Әлемде әрдайым бейбітшілік орнасын!

Г.Р.СҮЙІНТАЕВА,
Ақтөбе облыстық мәслихатының төрағасы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button