Мереке

Құрметті ардагерлер мен Отан қорғаушылар! Құрметті ақтөбеліктер!

Ақтөбе облыстық мәслихатының VIII шақырылымының депутаттық корпусы Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтайды!
Осы мамыр айының күндері біз мемлекетіміз бен қазақстандықтардың қауіпсіздігін қорғауда тұрған Отан қорғаушыларға лайықты құрмет көрсетеміз. Әрбір азаматтың қасиетті борышы — мінсіз қызмет ету және елді қорғау.
Барлық уақытта Отанға деген сүйіспеншілік және оның тағдыры үшін жауапкершілік маңызды құндылықтар болып келді және болып қала береді. Отанды бейбіт уақытта қорғау дегеніміз — оның игілігі үшін адал еңбек ету, ата-бабалардың даңқты дәстүрлерін құрметтеу, бейбітшілік пен бірлікті сақтау.
Қарулы Күштер қатарындағы қызмет әрбір қазақстандықтың құрметті міндетіне, аға ұрпақтың ерлік дәстүрлеріне негізделген нағыз патриотизм мектебіне айналды. Еліміздің әскери қызметшілері аға буынның даңқты дәстүрлерін абыроймен жалғастырып, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға және азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда. Олардың еңбегі – республикамыздың егемендігі мен қауіпсіздігінің берік кепілі.
Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, бейбітшілік пен жылулық тілейміз!

Г.Р.СҮЙІНТАЕВА,
Ақтөбе облыстық мәслихатының төрағасы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button