Білім

Тіл қадірі

Жалпыұлттық диктант

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық диктант өтті. Оған мектеп оқушылары, жоғары және арнаулы оқу орнының білім алушылары мен профессорлық құрам қатысты.

Бір мезетте өткен жалпыұлттық диктантты алғашқылардың бірі болып Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті бастады. Осы жолы диктантқа аталған оқу орнынан 6000-ға жуық білім алушы мен 300-ге жуық профессорлық құрам қатысты.

Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін дәріптеу үшін өткізілген іс-шара мақсаты — сауатты сөйлеп, ойын еркін жеткізе алатын ұрпақ қалыптастыру, — дейді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті педагогика факультетінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Тұрсынғалиева.

Осы шараға Ақтөбе политехникалық колледжінің, Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясының, облыстық тарихи өлкетану музейі және басқа да мекемелер белсене атсалысты.

Жалпыұлттық диктантқа бастауыш және жоғары сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты. Оның мәтінімен өзім де таныстым. Бір ерекшелігі оның қорытындысы еш жерде жарияланбайды. Сонымен қатар диктантқа мектеп мақтаныштары да қатысты. Солардың бірі  — облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Амира Сәбитова. Ол қазақтың бірнеше лиро-эпостық жырын жатқа біледі. Осы оқушымыз секілді сөз қадірін түсінетін жастарымыз көп болса деймін, — дейді Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясының директоры Маржангүл Тойшыбаева.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button