Мәдениет

Өнерлі жастардың фестивалі

Театр

Қурайлы мәдениет үйінде Тахауи Ахтановтың 100жылдығына арналған «Ахтанов аллеясы» атты балалар мен жасөспірімдер театр фестивалі өтті.

Жастар театрының шығармашылығын қолдау, тәжірибе алмасу мақсатында өткен фестивальге жеті театр ұжымы қатысты.Екі күндік шараның алғашқы күнінде баспасөз конференциясы болып, фестиваль қатысушыларына жазушының өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. Конференцияға Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының артистері Әсет Оразалин мен Майгүл Мұзбаева қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Фестивальдің екінші күнінде жас театр ұжымдары өздері дайындап әкелген қойылымдарын сахналады.

Н.Байғанин атындағы Темір аудандық Мәдениет үйінің «Аманат» жастар театры жазушы Төлен Әбдіктің «Оң қол» хоррор драмасын, Қарғалы ауданының «Ұшқын» халықтық жастар театры К.Олжастың «Дүние» трагикомедиясын, Жосалы орта мектебінің театр үйірмесі Т.Ахтановтың «Күтпеген кездесу» драмасын сахналады. Қаламыздағы көпсалалы «Тарлан» колледжінің жас артистері «Пранк махаббат», Сазды мәдениет үйінің театр үйірмесі «Менің досым — ит» комедиясын көрерменге ұсынды. Шығармашылық академиясының балалар мен жасөспірімдер театры «Алдар көсе мен шайтандар», «Бауырсақ» ертегілерін қойды.

Қатысушылар дипломдармен, арнайы дайындалған мүсіншемен марапатталды.Ал жетекшілерге Алғыс хат пен Тахауи Ахтановтың кітаптары берілді.

Л.БАҚЫТ,

Қурайлы мәдениетүйінің шығармашылық бөлім меңгерушісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button