Денсаулық

Білікті дәрігерлер келді

Облыстық балалар емханасына Астана қаласындағы «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығы «University mediсal сentеr» нормативтік қоры филиалынан бір топ маман келді.

Облысымызда 18 жасқа дейінгі балалар саны 318 мыңнан асса, оның 28 743-і жалпы диспансерлік бақылауда тұр. Ал 220 бала онкологиялық аурулармен ауырады.

Өңірімізде балалар дәрігері тапшы, нақтырақ айтсақ 53 маман жетіспейді. Жергілікті дәрігерлерімізбен тәжірибе алмасу үшін және балаларды қабылдап, кеңес беру мақсатында Астанадан арнайы дәрігерлер шақырттық. Олардың арасында репродуктолог-дәрігер, акушер-гинеколог, онколог, нефролог, гастроэнтеролог, эндокринолог, неонатолог, невропатолог мамандары бар.Ата-аналарбалаларын басқа қалаға апарып қаратқаннан гөрі, мамандардың өздері келгенін жөн көрдік, — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Түлкібаева.

Дәрігерлер үш күн бойы науқас балаларды қарап, кеңес берді. Сондай-ақ стационарда, реанимацияда жатқан балалардың да денсаулықтарын тексерді.

Бақытжан Түлкібаеваның айтуынша, бір маман үш күн ішінде 40 баланы қабылдады. Ал репродуктолог дәрігер мен акушер-гинеколог№7 қалалық емханада әйел адамдардың денсаулығын тексерді.

Дәрігер неонатолог алдымен облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған нәрестелерді қарады. Одан кейін Ақтөбе медициналық орталығына және Қарғалы қалалық ауруханасының перзентханасына барды. Кейін Хромтау аудандық ауруханасының емделушілерін де тексерді. Сонымен қатар неонатолог маманы өзге дәрігерлерге семинар өткізді, — дейді басқарма басшысының орынбасары.

Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button