Ауыл

Қорасы малға толған Бақытбек

Сарыалжын ауылының тұрғыны Бақытбек Ертілеуовтің «Ауыл аманаты» жобасының арқасында қорасы малға толды.

Былтыр ол жоба аясында тауарлық несие бойынша «Берік-А» шаруа қожалығынан 4 сиыр алған. Сондай-ақ келіншегі Қызғалдақ та қарап отырмай, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытуға көлемінде ұлттық жобаға қатысып, өз идеясын қорғап шықты. Нәтижесінде 1 млн 225 мың теңге бағытталған өтеусіз грантқа ие болды. Оған тігін машинасы мен басқа да жабдықтар сатып алды. Осылайша ауылдастарына өз өнімдерін ұсынып, тапсырыс қабылдай бастады.
— Қыста алған төрт сиырымыздың екеуі бұзаулады. Қалған екеуінің төлдегенін күтіп отырмыз. Шаруашылығымызды ұлғайтқымыз келеді,  тағы 6 сиыр алсам деймін. Сонда біз сүтті қайта өңдеуді қолға аламыз, артығын сатамыз, отбасымызды асыраймыз, деген еді Бақытбек облыс әкіміне аудан тұрғындарымен кездесуде.
Жуырда Бақытбектің ауласына алты бас қашар «келді». Яғни, алты бас қашардың үшеуін «Айтан» шаруа қожалығының басшысы «Ораза айындағы көмегім болсын!» деп тегін берсе, үшеуін «Мұрагер» шаруа қожалығынан тауарлық несие ретінде алды.
Бақытбектің ағасы Әділбек ірі қара малын бордақылаумен, құс шаруашылығымен айналысады және жоба аясында өз ісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Кезінде шаруашылықтың салған үлкен үйінің ауласын осылайша ағайынды жігіттер мал мен құсқа толтырды.

Серікбай ҚОЙБАҒАРОВ,
Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button