Жастар

Жастарды қолдау жалғасады

Форум

«Ақбөбек» халықаралық мектебінде облыстық жастар ресурстық орталығы және Amanat партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен форум өтті.

Жастарды кәсіпкерлікке баулу, жұмыссыздықты жою мақсатында өткен ауқымды форумға «NEXT» компаниясының жүзден астам өкіл қатысып, 7 жоба бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиын барысында «Ауыл аманаты», Аграрлық несие корпорациясы арқылы берілетін «Жастар» жеңілдетілген несие бағдарламасы, «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел», «Жастар тәжірибесі» секілді бағдарламалар талқыланды. Сонымен қатар бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, жастар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала алды.

Елімізде жас мамандарды қолдау мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, «Шағын несие» бағдарламасы өткен жылдың қараша айынан бастап қолданысқа енгізіліп, 14 адам құжаттарын тапсырып үлгерді. Шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Бұл бағдарламаға жұмыс істейтін жастар да қатыса алады.

Несиелеу шарттарына сәйкес 2,5 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін бизнестің басқа бағыттары үшін 5 жылға дейін, мал шаруашылығын дамыту үшін 7 жылға дейін несие алу мүмкіндіктері қарастырылған, — дейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Нысанбай Серікұлы.

Түрлі жобаларды ұйымдастырып жүрген белсенді жастардың бірі — Жасұлан Қайдасов:

— Мен «Дем» жобасын үйлестіріп, кәсіпкерлікке қызығатын жастармен жұмыс жасап келемін. Жоба барысында жастарға қаржылық сауаттылық курсы өткізіледі. Курсқа қатысушылар коуч-тренерлермен кері байланыс жасай отырып, бизнес бастауына мүмкіндіктері бар, — дейді.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button