Мәдениет

Алақайдың жеңісі

Бәрекелді

Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен  «Ортеке» VI халықаралық қуыршақ театрлар фестиваліне қатысқан «Алақай» қуыршақ театры жүлдемен оралды.

Іс-шараның мақсаты — халықаралық мәдени байланыстарды дамыту, талантты әртістер мен режиссерлерді анықтау және қуыршақ театры актерлерінің кәсіби және орындаушылық шеберлігін арттыру.

—  Халықаралық театр фестиваліне Қазақстан, Грузия, Түркия, Корея, Өзбекстан, Қырғызстаннан үздік театр ұжымдары қатысып, балалар мен ересектерге арналған қойылымдарын ұсынды. Бұл фестивальге «Алақай» қуыршақ театры Шыңғыс Айтматовтың шығармасы негізінде сахналанған «Ақ кеме» қойылымымен қатысып, қойылым суретшісі әрі театр директоры Әсия Құрманалина «Ең үздік қуыршақ суретшісі» номинациясына ие болды. Қойылым режиссері — ресейлік театр режиссері және продюсер Давид Бурман. Бұл —  ұжымның ортақ жеңісі. Өнеріміздің халықаралық дәрежеде бағаланғанына дән ризамын, — дейді Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Нұрат Мұратұлы.

Алдағы уақытта театр ұжымы балалар фестивалін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button