Денсаулық

Жоспарлы иммунизация біраз аурудың алдын алады

Ақтөбе қаласында сәуірдің соңғы күндерінде Еуропалық иммундау апталығы (бұдан әрі — ЕИА) өтті.

ЕИА мақсаты — барлық жастағы адамдарды аурулардан қорғауға жәрдемдесу, адам өмірінің барлық кезеңінде вакцинациялаудың маңыздылығы туралы хабардар ету.Кейбір жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді құралы —  профилактикалық егуді жүргізу. Мәселен,жетпісінші жылдардың соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бастамасы бойынша бүкіл әлемде табиғи шешекке қарсы егу жүргізу нәтижесінде бүкіл әлемде шешек толығымен жойылды.

1998 жылы В вирустық гепатитке қарсы, 2005 жылдан бастап қызамыққа қарсы, 2008 жылдан В типты гемофил жұқпасына қарсы вакцинация енгізілді. 2014 жылдан бастап пневмококк жұқпасына қарсы 1 жасқа дейінгі балалардың вакцинациясы жүргізіліп отыр.Профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесіне сәйкес 20 жұқпалы ауруға қарсы егілу жұмыстары жүргізіледі, оның ішінде 16 жұқпалы ауруға қарсы егілу республикалық бюджет тарапынан және 4 жұқпалы ауруға қарсы егілу жергілікті бюджет тарапынан қаржыландырылған.

Біздің елде вакцинация әрбір адамға қолжетімді. 2013 жылы еліміздің ұлттық екпе жүргізу күнтізбесіне өзгертулер енгізіліп, баланың ауырсыну синдромын төмендету және екпе санын азайту, сонымен қатар, вакцинадан кейінгі реакцияның пайда болу қаупін төмендететін құрамдастырылған (5 және 6 компонентті) вакцина енгізілді. Ал 2021 жылыел тұрғындарыкоронавирусинфекциясынақарсыекпеменегілебастады.

Балалардың жоспарлы екпелермен толық қамтылмауы жұқпалы ауруларға қарсы иммундық қорғанышы жоқ адамдар санын көбейтуі мүмкін.

Елімізде халықты вакцинациялау үшін мемлекеттік тіркеуден өткен, Дүниежүзілік сауда ұйымында сертификатталған вакциналар қолданылады.

Мысалы: көкжөтел — балалар арасында кең таралған инфекция. Көкжөтел өкпенің қабынуы (пневмония), мидың зақымдалуы сияқты асқынулармен қауіпті болса, күл ауруы тыныс, жүрек, жұмсақ таңдай және бұлшық еттерінің салдануына әкеледі. Көп жағдайда жүрек бұлшық еттерінің қабынуы немесе әртүрлі тұншығулар дамып, баланың өліп кетуіде әбден мүмкін.

Қызамық ауруы — кең таралған инфекция. Туа пайда болған қызамықты нәресте жүктілік кезінде анасынан жұқтырады. Әсіресе әйелдер үшін қызамықпен ауру жүктіліктің алғашқы 3 айында қауіпті, ондайда 50% жағдайда өздігінен түсіктер тіркеледі немесе 70% жағдайда нәресте даму ақауларымен туылады, соның ішінде соқырлық, кереңдік, жүрек ақауларымен, ақыл-есінің дамуының кідіруімен туылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта жұқпалы аурулардың таралуымен күресетін ең тиімді әдіс—вакцинация. Сондықтан да жоспарлы иммунизацияның маңы зызор.

 Нұрбақыт ЖҰМАҒАЛИЕВА,

Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының бас маманы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button