Мәдениет

Бикештер және бестас

Ұлттық ойын

Ақтөбе қаласындағы «Бақытты отбасы» орталығында бестас ойынынан жарыс өтті. Бір ерекшелігі — ұлттық ойын бұл жолы әйелдер арасында ұйымдастырылды.

Осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған жарыстың мақсаты — қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу, осыған қызығушылығы бар қыз-келіншектердің өзара байланысын арттыру.

— Ойынға барлығы 12 адам қатысып отыр. «Бақытты отбасы» орталығының «Ұмай ана» секциясында ылғи осылай жиналып, түрлі сайыстарды өткіземіз. Бес тастан бағы мен бабын сынау үшін аудандардан келгендер де бар. Барлығы — мешіттің жұмысына белсенді қатысатын әйелдер жамағаты. Үздік шыққандарға ұялы телефон, құлаққап, басқа да сыйлықтар беріледі, — дейді Ақтөбе қаласындағы дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың теолог маманы Айнұр Мырзабаева.

Айта кетейік, бестас — ертеден келе жатқан қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Бұны кезінде жасөспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнаған. Ойынға керекті зат бес кішкентай домалақ тас немесе асық болғандықтан, бестас аталып кеткен. Махмұд Қашқаридың «Түркі тілдері сөздігі» еңбегінде осы ойын туралы мағлұмат кездеседі. Жылдамдыққа, қағылездікке үйрететін ойын «балта шабу», «тоқылдақ», «тарақтау», «құдыққа салу», «қуалау», «кедергі» сияқты көп кезеңнен тұрады.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button