Мәдениет

20 жылдық белес

Өнер

Қалалық Мәдениет үйінде халықтық «Жалын» би ансамблінің құрылғанына 20 жыл толуына арналған «Өнерім — дария мекенім» атты мерекелік кеш өтті.

Өнерсүйер қауымға халықаралық және республикалық фестивальдерінің жеңімпазы  атанған халықтық «Жалын» би ансамблінің  бишілері өнер көрсетті. «Сылқылдақ» қазақ биін «KIDS KOG» балалар ән-би ансамблі орындады. «Ерке қыз», «Ирлан биі», «Ұйғыр биі», «Ризамын», Тоқтамай биле» сынды билер де көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар лэд-экраннан «Жалын» би ансамблі туралы тарихи бейнеролик көрсетілді.

— «Жалын» би ансамблі 2003 жылы құрылып, 2009 жылы «халықтық» атағына ие болды. Ансамблдің көркемдік жетекшісі — Майра Үмбетова.

Есту мүмкіндігі шектеулі болса да, өнерге, өмірге деген құштар қыздарымыз ырғақты жүрегімен, аяғымен сезініп, өнер көрсетіп келеді, — дейді қалалық қазақ саңыраулар қоғамы Мәдениет үйінің директоры Гүлвира Бержанова.

Кеш соңында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әсел Бөлекова өнер иелерін Алғыс хатпен марапаттап, ансамбльдің мүшесі Жанат Жалғасқызына қала әкімі Мұрат Жөребеков атынан «Мәдениет үздігі» төсбелгісін табыстады.

 Талғат ТІЛЕУЛЕСОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button