Денсаулық

«Фельдшерлік рюкзактар» беріледі

Жаңашылдық

Енді ауыл тұрғындары скринингтік тексерудің заманауи әдістеріне қол жеткізе алады. Бұл мақсатта алдағы уақытта шалғайдағы елді мекендерге «фельдшерлік рюкзактар» яғни науқасты тікелей тұрғылықты жері бойынша жедел тексеруге арналған заманауи мобильді жабдықтар кешені жөнелтіледі.

Облыстық жедел жәрдем қызметі станциясының фельдшері Айнұр Жанұзақованың айтуынша, аталған рюкзактың бағасы — 7,5 млн теңге. Бүгінде облыстағы 13 аудандық ауруханаға барлығы 138 жиынтық сатып алынған.

Диагностикалық кешенге кең ауқымды зерттеу жабдықтары кіреді: жүрек жағдайын бағалауға арналған электрокардиограф аппараты, инфрақызыл термометр, лейкоциттер анализаторы, электронды стетоскоп, жылжымалы ультрадыбыстық аппарат, бронх демікпесін тексеруге арналған цифрлық спирометр. Мұндай рюкзактың көмегімен медицина қызметкері науқастың сатурациясын, дене салмағын анықтай алады, — дейді ол.

«Фельдшерлік рюкзак» мыңнан астам пациент туралы ақпаратты сақтауға қабілетті. Ал тұрғындарға диагностика жасауға небәрі 15-30 минут жеткілікті. Әрбір науқас туралы ақпарат тұрғындардың денсаулық паспортына автоматты түрде енгізіледі және оны Қазақстанның кез келген медициналық мекемесінің маманы оқи алады.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button