Денсаулық

Орфандық аурулар көбейіп барады

Семинар

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының бастамасымен «Ана мен баланы қорғау» орталығының базасында орфандық ауруларды зерттеуге арналған облыстық семинар өткізілді.

Семинарда медицина ғылымдарының кандидаты, Алматыдағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының педиатриялық бөлімнің басшысы Гүлнар Абдилова,  медицина ғылымдарының кандидаты, балалар аурулары кафедрасының ассистенті, пульмонология бөлімінің меңгерушісі Назгүл Жанұзақова, т.б. балалардың гоше ауруымен ауыруы, оларға медициналық көмек көрсету, балалардағы гемофилияның клиникалық көріністері жөнінде баяндама жасады.
Аталған шараға дәрігерлер, педиатриялық бөлім меңгерушілері, онкогематологтар, пульмонологтар және басқа да бейінді мамандар қатысты.

Басқосу барысында гемофилиямен ауыратын балалардың ата-аналарына кеңестер беріліп, бірқатар ұсыныстар айтылды.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мамандарының айтуынша, бүгінде елімізде гемофилиямен ауыратын 10 мыңға жуық науқас бар. Оның ішінде осы дертке шалдыққан балалар саны көбейіп барады.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button