Білім

Жас ғалымдарға қолдау артып келеді

Ғылым қызметкерлері күні

«Жастар, ғылым және инновация». Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде осындай тақырыпта XIX халықаралық ғылыми конференция өтті. Шараға жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.   

Жиын барысында Жұбанов университетіне арнайы шақыртумен келген белгілі ұлыбританиялық ғалым Виталий Хуторянский дәріс оқыды.

3 сәуірден бері Жұбанов университетінде ғылым айлығы өткізіліп жатыр. Бүгінгі басқосу — осы айлық аясында ұйымдастыру жоспарланған 50-ге жуық шараның бірі. «Жастар, ғылым және инновация» конференциясының басты мақсаты — жастарды, жас зерттеуші-ғалымдарды қолдау, оларға бағыт-бағдар беру. Шарада  ұлыбританиялық ғалым Виталий Хуторянский дәріс берді. Рединг университетінің профессоры оқу орнының оқытушы, студенттеріне екі аптадан бері дәріс оқып, кеңестерін айтып, бағыт беріп жатыр. Ғылыми журналдарға мақала жариялаудың қыр-сыры түсіндірілді. 

Биыл алғаш рет университетімізде зерттеуші-оқытушы жобасын енгізіп отырмыз. Бұл жастар үшін үлкен мүмкіндік, үлкен қолдау. Өйткені бұл жобаға қатысқан оқытушылар, жас зерттеушілердің сабақ беру жүктемесі азайтылып, айлықтарына үстемеақы қосылып отыр. Оларға ғылыммен алаңсыз айналысуға мүмкіндік берілуде.

«Жас ғалым» жобасы аясында 9 жас ғалымымыз зерттеу жүргізіп жатыр. Олар жоғары жалақы алады. Бұл ғалымдарымыз да үш жыл бойы алаңсыз зерттеу жүргізіп, ғылымды дамытуға өз үлестерін қосады, — дейді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров.

Қазір аталған оқу орнында 4 диссертациялық кеңес жұмыс жасайды. Жалпы 7 бағдарлама бойынша PhD докторлар даярланады.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button