Білім

Шет тілінде білім беру мәселелері

Ғылым қызметкерлер күнін атап өту аясында С.Бәйішев университетінде ғылым онкүндігі өткізіліп жатыр. Алғашқы іс-шара — «Шетел тілінде білім берудің өзекті мәселелері» атты халықаралық онлайн форумы болды.

Халықаралық білім беру форумына ғылым және стратегиялық даму бойынша проректор Ольга Лыгина, Базаликат университетінің үйлестіруші-тьюторы  Винченцо Скальчио, М.Ақмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі Раиса Иксанова және студенттер мен магистранттар қатысты.

Пікірталас түрінде өткен жиында басқа тілдерді оқытудың өзекті мәселелері қозғалып, шет тілдерін сапалы оқытудың басым бағыттары талқыланды. Қатысушылар баяндамаларын оқып, шет тілін оқыту стратегияларының қолдану маңызына тоқталды.

Мемлекет басшысының жан-жақты қолдауының арқасында ғылым саласында оң өзгерістер орын алып жатыр. Бұл отандық ғылымның дамуына үлкен серпін берері сөзсіз. Осы форумның нәтижесінде қатысушылар шетел тілін оқыту әдістемесі саласында кәсіби тәжірибелерін байытып, оның қыр-сырын үйренеді, — дейді екінші курс магистранты Жадыра Бегжанова.

Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button