Ауыл

Жосалы жастары ауызашар берді

Иман

Рамазан айында ораза ұстаған жандарға ауызашар беру маңызы зор сауапты істің бірі саналады.Осындай ізгілікті істен Жосалы ауылының жастары да шет қалмады.

Жосалының белсенді жастары өткен жұма күні Жосалы,Кемпірсай ауылдарындағы ауыз бекіткендерге ауызашар беріп,сауапты іс жасады.Іс-шараға Кемпірсай ауылдық округінің әкімі Нұралы Жамеков қатысты.

Кешкі намаздың алдында ауыл тұрғыны Айдар Жамалов азан шақырды. Одан соң дастарқан басына жиналғандар әуелі ораза туралы ғибратты әңгімелер тыңдады. Ораза ұстаған ауыл тұрғындары өзара пікірлесіп, аудан орталығында іргесі қаланып жатқан мешітке қаржылай көмек беретіндерін де айтты.

Үлкендерді соңғы уақытта жастардың имандылық тәрбиеге бет бұрып, мұсылманның бес парызын орындауға ниет етіп жатқанықуантады. Сондай-ақ ауыл тұрғындары игілікті іс-шара ұйымдастырып жүрген жастарға шын көңілден ризашылығын білдірді. Үлкендер жағы жігерлі жастарғабереке, бақыт,бірліктілеп, деп, бата беріп жатты.

 А.БАЛЖАНАЙ,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button