Денсаулық

Қызылша құтырып кетпесін!

Облыста 6 адам «қызылша дертіне шалдықты» деген күдікпен дәрігерлер назарына ілінді.

Бұл — ақпан айының ортасы мен сәуірдің 5-іне дейінгі аралыққа қатысты дерек. Оның ішінде 4 адамның диагнозы расталды, бір адамға әлі де қорытынды диагноз қойылған жоқ. Ал алтыншы адамның қызамық дертіне шалдыққаны анықталды.

Қызылша дертіне шалдыққандар, негізінен,14 жасқа дейінгібалалар. Олар ата-аналарының профилактикалық екпеден бас тартуына байланысты қызылшаға қарсы вакцина алмаған болып шықты. Бір ересек адам қызылшаға шалдығып отыр, оның да қызылшаға қарсы егілген не егілмегенін айғақтайтын құжаты жоқ.

Қызылша — жұқпалы дерт. Сондықтан эпидемияның алдын алу мақсатында науқастармен қарым-қатынаста болған адамдарды анықтап, 303 адам тізімге алынды.Оның ішінде қызылшаға қарсы екпе алмаған 34 бала бар. Бәрінің деата-аналары профилактикалық екпеден бас тартқан. Ал 30 жасқа дейінгі ересектердің арасында да15 адамның екпені алған-алмағаны белгісіз болып отыр.13 адам эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша екпемен қамтылды.

Қазіргі таңда облыс аумағында қызылшаның алдын алу, осы дерт бойынша эпидемияға жол бермеу үшін арнайы қаулы қабылданып, профилактикалық және санитарлық-гигиеналық іс-шаралардың жедел жоспарыәзірленді.Қызылшаға, қызамық пен паротитке қарсы профилактикалық егулерді өткізіп алған 14 жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ бұрын қызылшаға қарсы егілмеген немесе егілгені жөніндегі деректері айқындалмаған30 жасқа дейінгі ересектер мен 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері үшін иммундау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тұрғындарға айтарымыз:қызылшадан қорғанудың жалғыз және тиімді жолы —вакцина алу. Ата-аналарбаласының қызылшаға қарсыжоспарлы екпемен қамтылған-қамтылмағанын тексеріп, ал вакцина алмағаны анықталған жағдайдатұрғылықты жері бойынша емханаға апарып, профилактикалық екпе салдыруы керек. Егер түрлі себептерге байланысты бала вакцина алмаған болса, оның адам көп жиналатын жерлерге (мәдени-көпшілік іс-шаралар, сауда және ойын-сауық орталықтары, ойын алаңдары, т.б.) баруын шектеу керек.

Қызылша дертінің алғашқы белгілері: дене қызуының көтерілуі, жөтел және денеде бөртпенің пайда болуы. Мұндай жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

 Мұхтар СЕРБАЕВ,

облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

департаменті басшысының орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button