Денсаулық

Сарыптан сақтаныңыз!

Қой-ешкі мен сиыр және шошқа үшін қазір қауіпті кезең. Өйткені сарып ауруы осы кезде күшейеді. Әсіресе мал төлдеген уақытта бұл аурудың адамға жұғу ықтималдығы өте жоғары болады. Ал адамға жұқса, емдеу ұзаққа созылады.

Сарып ауруы адамдарда жалпы ауырсыну, дене қызуының 39-40°С дейін көтерілуінен басталады. Аурушаңдық 3 айдан бастап 2 жылға дейін созылуы да мүмкін.

Сарып жұқтырған адам дер кезінде дәрігерге қаралмаса, ауру созылмалы түрге жалғасып, мүгедектікке және бедеулікке алып келуі мүмкін.

Сарыпты жұқтырмас үшін ауру малды оқшаулап,  15 күн ішінде  жою қажет. Мал ұсталған жерге залалсыздандыру шараларын жүргізеді. Себебі дезинфекциялық препараттар бактерияны түпкілікті жояды.

Сарып ауруымен ауырған малды сою барысында немесе ет және қайнатылмаған сүт пен оның өнімдерін  пайдаланғанда жұғады.

Ауру малдың еті мен сүтін тек қайнатылған түрде пайдалану керек. Ауру 100 градус ыстықта өліп, 5 минутта жойылады.

Сүт және басқа сүт өнімдерін заңсыз сату орындарынан, белгісіз адамдардан сатып алуға болмайды.

Малға күтім жасау кезінде қолды міндетті түрде жуып, үнемітазалықты сақтау  керек.

Ақтөбе қалалық

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button