Ауыл

Ауылға мұнара орнатып берді

Байланыс

Құтикөл ауылында жеке кәсіпкердің демеушілігімен биіктігі 17 метр болатын байланыс мұнарасы орнатылды.

Бұл мұнара тұрғындардың үйлеріне талшықты-оптикалық байланыс таратуға арналған. Оның жалпы құны — 1 млн теңге. Аталған мұнараны орнатуға демеушілік жасаған — жеке кәсіпкер Камал Сәтбай.

Аманкөл ауылдық округінің әкімі Азамат Махаевтың айтуынша, бұл — округке орнатылған үшінші мұнара. Бұған дейін, нақтырақ айтсақ, 2020 жылы Аманкөл және Жарма елді мекендеріне жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындардың демеушілігімен екі байланыс мұнарасы тұрғызылған. Қазір бұл ауылдарда Beeline және Теле2 байланыс қызметтері жұмыс жасап тұр.

— Ауылда абоненттердің көбеюіне байланысты интернет желісіне деген сұраныс артып келеді. Осыған орай биыл ауыл маңынан тағы бір мұнара орнатылды. Бұл тұрғындардың игілігі үшін жасалып отыр. Сондай-ақ биыл ауылымыз үшін тағы бір қуанышты жаңалық — Ырғыз ауданының орталығы мен Құтикөл ауылы арасына жол салынады. Жыл аяғына дейін Аманкөл ауылына көгілдір отын да беріледі, — дейді А.Махаев.

Айта кету керек, қазір Аманкөл ауылдық округінде автономды ауызсу жүйесін орнату үшін геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Д.АЙДАР,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button