Пікір

Дәстүрге айналдырайық!

Темуджин СӘРСЕНОВ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенті:

— Биыл Ақтөбеге көктем жылдағыдан ерте келіп, қаламызда тазалық айлығы басталды. Әр сенбі сайын сенбілікке шығып, құтты мекеннің таза болуына үлес қосуды мен де, менің достарым да дәстүрге айналдырдық. Біз қыстан қалған қоқыстарды тазартып жатырмыз. Осы ретте өз замандастарыма қоршаған ортаны таза ұстау бір сағат сенбілікке шығумен шектелмейтінін, тазалықтың ең басты ережесі көшеге қоқыс тастамау екендігін айтқым келеді. Ең алдымен тазалықты өзімізден бастайық. Құтты мекенді таза ұстау — баршамызға ортақ міндет.

Жастар — қоғамның қозғаушы күші. Білім, ғылым, спорт, мәдениет саласында үздік шығып,  қайырымдылық көрсетуде өзге өңірдің жастарына үлгі болып жүрген ақтөбелік достарымды сенбілікке қатысуға шақырамын.

Ақтөбені жайлы әрі таза қалаға айналдырайық!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button