Білім

Оқу жылы неге созылды?

Биылғы оқу жылы барлық мектепте 31 мамырда аяқталады.

Бұл — әлемдік тәжірибе. Біздің елімізде оқу жылы 36 аптаға созылса, кейбір мемлекеттерде оқушылар 42 апта білім алуда. Біздің басты мақсат — білім сапасын арттыру. Балаларымыз әлемдегі бәсекелестікке қабілетті болуы қажет, — дейді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұргүл Лескенқызы.

Оның айтуынша, біздің елде оқу жылы білім саласы ілгері дамыған көшбасшы елдермен салыстырғанда ұзағырақ екен. Қазақстандық оқушылар 192 күн демалып, 173 күн білім алады. Жазғы каникул елімізде 14 аптаға созылады. Ал Германия, Англия және Жапонияда балалар 7 апта, Польша, Қытай және Оңтүстік Кореяда 7-9 апта демалады екен.

Министрліктің бұйрығына сәйкес 2-13 маусымда 9 (10) сыныптар үшін қорытынды емтихандар ұйымдастырылса, 5-19 маусымда 11 (12) сынып оқушылары мемлекеттік емтихандар тапсырады, — дейді Нұргүл Бертілеуова.

Биыл 14 839 бала — 9-сыныпты, 8206 оқушы 11-сыныпты бітіреді.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button