Мәдениет

Қазақконцерттің ақтөбеліктерге тартуы

«Ел бірлігі — жаңа Қазақстан» жобасы аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымының концерттік бағдарламасы басталды. Өнер ұжымы 1-5 сәуір күндері Қандыағаш, Мәртөк, Қобда, Қарғалы мәдениет үйлерінде және 6-сәуір күні Өнер орталығы концерттік залында өнер көрсетеді.
Концертке елімізге танымал әншілер Мақпал Жүнісова, Елмұра Жаңаберген, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Салтанат Ахметова, Ернар Садырбаев (Әміре), Салтанат Меңдіғалиева және «Астана Сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі қатысады.
Іс-шараға арнайы келгендер арасында көптеген республикалық байқаудың жүлдегері, күй әлемінде өзіндік қолтаңбасымен енген жас күйші, жерлесіміз Ардақ Елеусіз де бар.

— «Астана Сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінде жұмыс жасағаныма біраз жыл болды. Осы жылдар ішінде тәжірибе жинақтап, «Қазақконцерт» ұжымымен бірге Қазақстанның әр қаласында өнер көрсеттім. Биыл 26 тамызда жеке шығармашылық кешімді өткізу жоспарымда бар. Бұл менің төртінші жеке кешім болғалы тұр. Әзірге қызу дайындық үстіндемін. Осы жолғы концертте өнер жұлдыздарымен қатар өнер көрсетіп, Қазанғаптың күйлерін орындайтын боламын, — деді мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, «Мен қазақпын» мега-жобасының жеңімпазы Ардақ Елеусіз.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button