Ауыл

Ауылдың сабыны

Ырғыз

Ырғыз ауданына қарасты Тәуіп ауылының тұрғыны Ерзат Тынышқали —мемлекеттік грантқа ие болып, соның арқасында шағын кәсібін жүргізіп отырғандардың бірі.

1,2 миллион теңге ұтып алған ол сабын шығаратын цех ашты.

— Өзбекстаннан сабын өндірісіне қажетті аппаратты сатып алып, жұмысты бастап кеткеніме 5 айдан асты. Айына 3-4 тонна сабын шығарамыз. Сұраныс бар. Ғаламтордан сабын өндірісімен айналысатын кәсіпкерлердің видеосын көріп, осы кәсіп түріне ден қоямын деп шештім. Әзірге Марат Шыңғыс деген досым екеуміз бәріне үлгеріп жатырмыз, — дейді 23 жастағы жігіт.

Оның айтуынша, бір кірсабынның бағасы — 180 теңге. Айына 400-500 мың теңге көлемінде табыс табады екен. Ендігі жоспары — кәсібін кеңейту, қасына қызметкерлер алу. Сондай-ақ болашақта сусабын шығару да ойында бар екен.

Ырғыз аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Балайым Қашқынбаеваның ұсынған дерегіне сүйенсек, былтыр жаңа бизнес-идеяларды іске асыру бойынша 40 адамға 400 айлық есептік көрсеткіш (әр адамға 1225200 теңге) көлемінде қайтарымсыз грант берілген.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button