Сайлау
Жаңадан сайланған Ақтөбе облыстық мәслихатының бірінші сессиясын шақыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жаңадан сайланған Ақтөбе облыстық мәслихатының бірінші сессиясы 2023 жылғы 30 наурыз сағат 11.00-ге шақырылсын.
Күн тәртібі:
- Облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау қорытындысы туралы.
Хабарламашы: Н.Жүсіпов — облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.
- Облыстық мәслихаттың төрағасын сайлау туралы.
- Басқа да сұрақтар.
Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.