Білім

Ұлттық педагогика және отансүйгіш ұрпақ

Мектеп

№4 Хромтау орта мектебі екі тілде оқытатын аралас мектеп болса да,

тәрбие ісінде оқушыларға қазақ халқының тарихын, ірі тұлғалар мен олардың ел ісіне қосқан үлесін өнеге етуге ерекше көңіл бөледі.

Мектеп ұжымы «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, білім беруді көздейді.

Осы орайда мектеп директоры Айгүл Ешкееваныңбастамасымен білім ұясы дәлізіне ел дамуына үлес қосқан ұлы тұлғаларымыздың бейнесі мен олардың тағылымдық сөздеріжазылған көрнекіліктер ілінді. Оқушыларымыз білім ордасына кіргеннен бастап ұлттық рухты сезініп, бабаларымыздың даналық сөздерін жаттап өседі. Бұл — ұлттық педагогиканың бір тармағы.

Оқушыларды жан-жақты етіп тәрбиелеуде үйірмелердің рөлі ерекше. Мектебімізде түрлі үйірме жұмыс істейді. Солардың бірі — Меруерт Рахметолла жетекшілік ететін «Құлагер» пікірсайысшылар үйірмесі. Мұнда оқушылар түрлі пікірсайыстарда өздерінің шешендігін көрсетуді, анық, айқын сөйлеуді үйренеді.

Ал«Абай даналығы»үйірмесіне өзім жетекшілік етемін. Сондай-ақ мектебімізде «Абайтану» кабинеті жұмыс істейді.

Қазақтың әр баласы домбыра тарта білуге тиіс. Осы мақсатта біздің мектепте екі домбыра үйірмесі жұмыс істейді. «Алтын домбыра» үйірмесін жүргізетін Естай Өтеулиев пен «Көкіл» үйірмесінің жетекшісі Талғат Мұхамеджанов жеткіншектерді домбыраға баулып, бірі жас жыршыларды, екіншісі жас күйшілерді даярлап жүр.

Мектебімізде жас ақындар үйірмесі жұмыс істейді. Оған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері жетекшілік етеді. Қуандық Реймов ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттап, жеткіншектерді өлең жазуға баулыса, Айбол Сағынжанұлыжас айтыскерлерді тәрбиелейді.

Ал «Думанды отау» үйірмесінде Хромтау қаласындағыКеншілер мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Айтуған Нарымбетовмектеп оқушыларының актерлық шеберліктерін шыңдайды.

Мектеп қабырғасында оқушының жеке тұлға боп қалыптасуы үшін осылайша жан-жақты тәрбие беріледі.

Гүлзат ЕРМЕКҚАРИНА,

№4 Хромтау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button