Әдебиет

Жазушыны еске алды

Оқитын өлке

Ырғыз ауылындағы Өтебай Қанахин көшесі тұрғындарының қатысуымен «Оқитын өлке» акциясы аясында жерлес жазушы Өтебай Қанахиннің туғанына 100 жыл толуына орай «Өршіл рухтың өнегесі» атты іс-шара өткізілді.

Аталған шараны Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы ұйымдастырды.

Көше мерекесіне аудан әкімінің орынбасары Айбек Өксікбаев, еңбек ардагерлері, мекемелер мен кәсіпорындар басшылары қатысты.

Шарада ауыл тұрғындары Өтебай Қанахиннің өмір жолы мен естеліктерімен танысып, жазушыны еске алды. Көше тұрғындары ұлттық ойындар ойнап, әннен шашу шашты, наурызкөжеден дәм ауыз тиді.

Шара соңында «Ең жасы үлкен көше тұрғыны» номинациясы — Күлкаш Қозиеваға, «Ең көпбалалы ана» номинациясы — Қаламқас Тілеубековаға, «Ұйымшыл әже» номинациясы — Ақзира Жаймановаға, «Ең кішкентай тұрғын» номинациясы Ажар Алтаеваға берілді.

 Гүлқуаныш КЕНЖЕҒҰЛОВА,

аудандық кітапхана қызметкері.

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button