Мереке

Берекелі мереке

Ұлыстың ұлы күнін облыстық зағиптар жəне нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы кең көлемде атап өтіп, «Наурыз — берекем, Наурыз — мерекем» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері зағип жəне нашар көретін кітапхана оқырмандарына дастарқан жайып, ұлттық салт-дəстүрлерді насихаттады. Мерекелік кеште кітапхана ардагерлері Наталья Мальцева, Ағипа Боранбаева, Қазақстанның құрметті азаматы, облыстық сот медиаторы Бибігүл Əбілдаева, «Қазақ аналары — Дəстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, батыр ана Манар Жакешова, «Алаш» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Əлібек Елеусізов, қалалық қазақ зағиптар қоғамы мəдениет үйінің директоры Манас Көшербаев қатысып, жылы лебіздерін білдірді.

Сонымен қатар облыстық халық шығармашылық үйі «Əдеп» халықтық тобының əншілері əсем əндерден керемет көңіл күй сыйлап, кітапханашылар «Қош келдің, əз Наурыз!» атты кітап көрмесімен таныстырды.
Кітапхана директоры Құралай Раймбаева Наурыз мерекесіне демеушілік жасаған «Құрмет Холл»
мейрамханасының басшысы Гаухар Айтқұлова мен «Айс-Плюс» ЖШС-ның басшысы Қуаныш Ищановқа алғысын білдірді. Кеш соңында кітапхана оқырманы Кенжебай Үмбетяров ұйымдастырушыларға ризашылығын айтып, бата берді.

Рысжан ҚАРАҒҰЛОВА,
облыстық зағиптар жəне нашар көретін
азаматтардың арнаулы кітапханасының
қызметкері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button