2023 жылғы 19 наурызда өткен Ақтөбе облыстық мәслихатының партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының сайлау қорытындысы туралы

ХАБАР
2023 жылғы 19 наурызда Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауы болып өтті.
Сайлаушылардың тізімдеріне 562 698 азамат енгізілді.
Дауыс беруге 323 084 сайлаушы қатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 108 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 4217 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 5 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс саны:
Amanat партиясы — 206534 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 65,17 пайызы;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 34923 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 11,02 пайызы;
Қазақстан Халық партиясы — 11170 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 3,52 пайызы;
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы — 13387 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 4,22 пайызы;
«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы — 34953 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 11,03 пайызы;
«Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлау бюллетеньдері саны — 15 927.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының бес және одан көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың былайша бөлінгені белгіленсін:
Amanat партиясы — 13;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 2;
«Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы — 2;
Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы.