Мереке

Ойыл ауданы Қаратал ауылында Наурыз мейрамы тойланды

Табиғаттың қайта түлеп, жаңаратын кезі Ұлыстың ұлы күні  Наурыз мейрамына орай Қаратал ауылының тұрғындары үшін іс-шаралар ұйымдастырылды.
Орталық саябақ алаңында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, той-думанға келген барлық қараталдықтар дәстүрлі ұлттық тағамдар мен сусындардан дәм татты.Ауыл ақсақалдарына ас берілді.

Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев тұрғындарды ұлық мейраммен құттықтап, қиын кезде  су тасқынына қарсы шараларды өткізуге үлкен көмек көрсеткендердің барлығына алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 17 наурызда тасқын сулардың жоғары қысымы мен Ойыл өзенінің арнасынан асуына байланысты Ойыл ауданының Қаратал ауылының маңындағы қорғаныш үшін жасалған үйінді судың қатты қарқынына төтеп бере алмады. Елдімекенді су басу қаупіне байланысты Қаратал ауылының тұрғындары мектепке орналастырылды, үйінді аумағын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданды.

Қабылданған шараларға ауыл тұрғындарының белсенді атсалысуының нәтижесінде су деңгейі төмендеді.

Мерекелік шара барысында ТЖД мен аудан әкімдігінің қызметкерлеріне тәулік бойы қол ұшын берген жергілікті тұрғындарға алғыс хаттар табысталды.

Арнайы техникаларын көмек ретінде бөлген кәсіпкерлер Батырбек Телжановқа, Қуанышбек Сұлтанғалиевке ерекше ризашылық білдірілді. Оларға 300 000 теңге сомасына сертификаттар табыс етілді.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button