Мемлекеттік тіл — менің тілім

Байқау
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумы аясында Қоғамдық келісім мекемесінің қолдауымен этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл — менің тілім» атты байқау өтті.
Байқауға 18-30 жас аралығындағы үміткерлер қатысты. Өткізілген іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы, ақсақалдар кеңесінің мүшесі, ғалым Нұртаза, Абдуллаев төрағалық етті.
— Біздің мақсатымыз — Тәуелсіз еліміздің жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеп, мемлекеттік жастар саясатын насихаттау, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту және мемлекеттік тілді меңгерген жастарды ынталандыру, — дейді қазақ тілі қоғамы облыстық ұйымының төрағасы Роман Рахимов.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде Малика Хаджиеваға бұйырды. Дина Ескельдина — I орын, Анюта Трегуб — \II орын, Татьяна Воронянская мен Любовь Виталина III орын алды.
Байқау соңында жүлдегерлер мен қатысушыларға Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Талғат ТІЛЕУЛЕСОВ.