Жаңалықтар

 Ойыл ауданында су тасқыны кезінде келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссия жұмыс істейді

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен көктемгі су тасқыны кезінде келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссия Ойыл ауданының Қаратал ауылындағы үйлер мен аула аумақтарын тексеруге кірісті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, елдімекенде 5 үй мен 25 аула су астында қалған.

Естеріңізге сала кетейік, өңір басшылығы Қобда ауданы Қобда ауылында және Ойыл ауданы Қаратал ауылында су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасыларға қажетті көмек көрсету бойынша барлық шараларды қабылдауда.

Облыс аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда: 14-19 наурыз аралығында 475 036 м3 еріген қар суы сорылды, 29 333 дана қап төселді, ұзындығы 3600 м жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді, 14 637 м3 инертті материал әкелінді, ұзындығы 325 метр уақытша бөгет салынды, 593 550 мың текше метр қар шығарылды.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button