Сайлау

Мәртөкте 35 сайлау учаскесі бар

 Мәртөк ауданы тұрғындары да Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының сайлауына белсене қатысты. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Кәрімжан Бердиевтің айтуынша, ауданда 35 сайлау учаскесі жұмыс істеді. 19463 астам адам сайлаушылар тізіміне енгізілген.

№269 сайлау учаскесіне барып алғаш рет дауыс бергендердің бірі — Арина Аксберг.
— Еліміздің болашағы үшін дауыс беріп, таңдауымды жасадым. Кандидаттар ел үшін қызмет етеді деп ойлаймын, — деді ол.

№269 сайлау учаскесінің төрағасы Әлібек Есинжановтың айтуынша, сайлау учаскесінде 1987 адам тіркелген. Оның 13-і алғаш рет дауыс берген.
№267 сайлау учаскесінде дауыс бергендердің бірі — еңбек ардагері Ирина Цыба.

— Сайлау елімізге, біздің қоғамға жаңа серпіліс береді деп ойлаймын. Сайлау өткен сайын жаңа идеялар жүзеге асырылып, ел экономикасын жақсартуға бағытталған межелі істер орындалады. Сондықтан лайықты кандидатқа өз дауысымды бердім, — деді ол.
№267 сайлау учаскесінің төрағасы Ильдар Шакировтың айтуынша, сайлау учаскесінде 824 адам дауыс берген. Сайлаудың әділ өтуін 5 байқаушы қадағалап отыр.
№266 сайлау учаскесінде аудан тұрғындары таңертеңнен белсенді дауыс беруде. №266 сайлау учаскесінің төрағасы Марат Жамаладиновтың айтуынша, 2049 сайлаушы дауыс берушілер тізімінде тұр. Оның ішінде алғаш дауыс берушілердің саны — 12 адам.
Дауыс бергендердің қатарында көпбалалы ана да бар.

— Мен елімізде өткізіліп отырған сайлау науқанынан тыс қалып көрмеппін. Әрдайым алғашқылардың бірі болып өз дауысымды беремін. Біздің таңдауымыз көп нәрсеге себепкер. Сондықтан тұрғындарды Отанымыздың болашағы үшін өткізіліп жатқан сайлаудан тыс қалмай, дауыс беруге шақырамын, — деді “Күміс алқа” иегері Айнамгүл Демеуова.
№268 сайлау учаскесінің төрағасы Әсет Есалиннің айтуынша, учаскеде 1706 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде
Мәртөк аудандық ауруханасының дәрігері Болатбек Көздіғарин де бар.
— Халық игілігі үшін адал қызмет ететін патриоттарды айналасына біріктіре алатын лайықты кандидатқа өз дауысымды бердім. Жерлестерімді сайлауға белсенді қатысуға шақырамын, — деді ол.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button