Сайлау

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беруге барды

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Жүсіпов ақтөбеліктерді бүгінгі сайлауда белсенді түрде дауыс беруге шақырды. Ол өзі қаладағы №556 сайлау учаскесіне келіп, таңдауын жасады.
Батыс-2 ауданында орналасқан №556 сайлау учаскесінде 2330 сайлаушы тіркелген. Учаске төрағасы Әліби Латыптың айтуынша, жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 18.00-ге дейін тұрғындардың 50 пайызға жуығы сайлау бюллетеньдерін алып, өз таңдауын жасапты.

— Дауыс беру таңертеңгі сағат 7.00-де басталды. Кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Бізде тіркелген 6 адам денсаулық жағдайына байланысты үйден дауыс берді. Ал төрт сайлаушымыз алғаш рет сайлау бюллетеньдерін алып, таңдау жасады. Дәстүр бойынша алғаш рет дауыс бергендерге, қарияларға арнайы сыйлықтарымыз да бар, — дейді учаске төрағасы.
Бүгін қазақстандықтар Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында өз дауыстарын беріп жатыр. Ақтөбе облысы бойынша 525 сайлау учаскесі жұмыс жасайды.
Айтпақшы, біздің облыстың сайлаушылары да еліміздің басқа 17 облысының тұрғындары сияқты 5 бюллетеньде дауыс береді. Ал мегаполистердің тұрғындары кандидаттарды 4 бюллетеньде дауыс беру арқылы таңдайды.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button