Денсаулық

Эпидахуал жақсарып келеді

Брифинг

Наурыз айының бірінші аптасында облыстық денсаулық сақтау стационарларында ЖРВИ, тұмау диагноздарымен 42 адам ем қабылдаған. Ауруханаларда жоспарлы түрде жатып емделу қарқыны біршама төмендеген. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.

Қазіргі таңда облыстық денсаулық сақтау стационарларында 27 адам ем қабылдап жатыр. Оның 23-і — балалар.

Облыста эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді. Бүгінде Ырғыз ауданында да, Шалқарда да екі адамнан ем қабылдап жатыр. Өткен айлармен салыстырсақ, қаңтар айында — 338 адам, ақпанда 251 адам ем алған. Бұдан біз стационарға жатып емделу көрсеткіші төмендегенін байқаймыз, — деді Бекболат Ізбасаров.

Сонымен қатар ол Phizer вакцинасының жаңа легі келіп түскенін хабарлады. Барлығы 21 600 доза әкелінді қазір денсаулық сақтау ұйымдарына үлестіріліп жатыр.

Ал Ақтөбе облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаевтың айтуынша,жедел респираторлы вирустық инфекциясы бойынша қазан айынан бастап 88 210 жағдай тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар — 61,9 пайыз. Ал бір жасқа дейінгі балалар арасында 2360 жағдай тіркелген.

2020 жылдан бастап коронавирус инфекциясыменоблыс бойынша 45755 адам ауырған. Бұл инфекциямен қазіргі күні ауруханада ем қабылдап жатқан науқастар жоқ.

Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button