Абысын тату болса…

Байқау
Мереке қарсаңында қалалық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Аңыз болар абысындар» атты байқау ұйымдастырылды.
Байқауға іріктеу кезеңінен өткен 7 үміткер қатысты. Олар 5 кезең бойынша бақ сынады. Қазылар алқасы абысындардың сахна мәдениетіне, шешендік өнеріне баса назар аударды.
— Қатысушылардың салт-дәстүрге деген құрметі бізді таңғалдырды. Абысын-келіндердің бір-біріне деген сыйластығы қаншалықты берік болса, ағалы-інілі бауырлар да бір-бірінен алыстамайтыны анық. Осы қағиданы берік ұстанған қатысушылар әр кезеңде бір-бірінен ерекшелене білді. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды, — дейді байқау ұйымдастырушысы Фариза Төлебаева.
Іс-шараның қорытындысына сәйкес «Аңыз абысындар» номинациясын Бержановтер әулеті иеленді. Қалған қатысушылар да «Парасатты келін», «Өнерлі келін», «Сыйлас келін», «Ісмер келін» және басқа да номинациялармен марапатталды.
Ақмарал МҰҚАШЕВА.