Денсаулық

Эхинококкоз — жұқпалы дерт

Паразиттік жұқпалы аурулардың бірі — эхинококкоз. Ол ағзада, негізінен,бауыр мен өкпені зақымдайды. Өткен жылы облыста бұл ауруға 49 адамның шалдыққаны анықталды.

2022 жылыэхинококкозға шалдыққан науқастардың арасында 14 жасқа дейінгі балалардың саны — 12 немесе барлық сырқаттардың 24,4 пайызы. Әр 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 5,38 болып отыр.

Барлық 49 жағдайдың 73,4 пайызында (36 адам) эхинококкоз — бауырдан, 20,4 пайызында (10 адам) өкпеден анықталса, сонымен қатар үш жағдайда басқа түрі тіркелді.

Бауыр эхинококкозына шалдыққан адам мынадай белгілерге шағымданады: құсу, тәбеттің төмендеуі, оң жақ қабырға астының ауырсынуы. Ал өкпе эхинококкозына шалдыққанда дене қызулап, интоксикациялық синдромдар, жөтел, қан аралас түкіру және кеуде тұсында ауырсыну байқалады.

Эхинококкоздан хирургиялық жолмен емделеді. Эхинококкоз ауруы көбіне мал күтімі не мал сойған кезде жеке бас гигиенасының сақталмауынан, сондай-ақ осы дерт қоздырғышымен ластанған көкөніс, жеміс-жидектер, су арқылы да жұғады.

Бұл дерттің таралуына қатысты тәуекелді топтың қатарына мал фермаларының және ет өңдейтін кәсіпорындардың, мал соятын пункттердің, мал сою алаңдарының еңбеккерлері, қорықтар, хайуанаттар паркінің,ветеринария саласының қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері, аңшылар, орманшылар, т.б. енеді.

Аурудың алдын алу үшін ветеринарлық бақылауды күшейту, мал және үй жануарларын күтіп-баптау кезінде гигиеналық талаптарды барынша сақтау,мысалы, иттерді мерзімді дегельминтациялау, т.б. шараларға уақтылы көңіл бөлу керек.

Мына талаптардымұқият ұстаныңыз:— үй жануарларын ұстаған соң және бақшадағы жұмыстан кейін қолды міндетті түрде сабындап жуу;  — балалар ойнайтын алаңдарда иттердің жүруіне, құмның ластануына жол бермеу;— үй жануарларын ветеринарлық тексеруден өткізіп тұру және дегельментацияны жиі  жүргізу, жануарға ветеринарлық паспорт алу;— мысық пен итке сойылған ауру малдың ішкі органдарын беруге болмайды;

— жемістер және көкөністерді мұқият жуып жеу;— тәуекел топ қатарына жататын адамдар эхинококкоздың бар-жоғын анықтау үшін жыл сайын тексеріліп тұруы керек.

Мұхтар СЕРБАЕВ,

облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

департаменті басшысының орынбасары.

Мұрат МИРМАНОВ,

бөлім басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button