Тағзым

Әлімбай Ізбайды еске алды

Биыл Әлімбай Ізбайдың туғанына 65 жыл толды. Сатирик әрі журналисті еске алу кеші Шалқар аудандық орталықтандырылған кітапханасында өтті.

«Жарық еткен жұлдыздай…» атты еске алу кешін ұйымдастырған Байқадам ауылдық кітапханасының кітапханашысы Сәнімгүл Жұбандықова Ә.Ізбайдың шығармашылығы мен өмір жолы,  студенттік шағы мен қызмет атқарған кезітуралы баяндама жасады. Әлімбай Ізбаймен бірге көп жыл қызмет атқарған облыстық  «Ақтөбе» газетіндегі әріптестерінің естеліктері бейнеролик арқылы көрсетілді.

Облыс журналистикасында айрықша қолтаңбасы қалған аға буын Әлімбайдың әзілдері — бір әлем. Шалқар ауданының  Қорғантұз орта мектебінен білім алған ол  жастайынан сөз маржанын зерделеп, жазу үрдісіне  дағдыланды. Шалғай ауылдағы қара баланың шабытынан туған шағын мақалалар сол кездегі республикалық «Қазақстан пионері», «Ара» журналдарына үздіксіз жарияланып тұрды. Оның қаламға құштарлығы, шығармашылық  ізденіске іңкәрлігі мектеп қабырғасында жүргенде-ақ байқалды.Небары 41 жасында мәңгілік мекенге аттанып кете барған  Әлімбай туралыестеліктерді  ауылдастары аузынан тастамай айтып жүреді.

Шараға Байқадам ауылынан арнайы келген зейнеткер Алтынбек Алдияров, Әлімбайдыңінілері Әуелбай, Қонысбай мен қарындасы Самалдың,сыныптасы, зейнеткер-ұстаз Гүлнар Омарованыңәңгімелері оқырман қауымға жақсы әсер қалдырды.1983 жылдың жазында Мұзбел жайлауында өткен оның үйлену тойына еліміздің «Күлкі корифейі» атанған Көпен Әмірбек пен белігіліақын  Бауыржан Жақып секілді көп досының келгендігін айтып, өткен күндердің шуақты сәттерінен сыр шертті. Ауған соғысының ардагері Жексенбай Төлемісовтеқаламгерді қимастықпен еске алып, жылы лебізін арнады.

Қорғантұз орта мектебі оқушыларынан құрылған «Шабыт» домбырашылар ансамблі ән айтып, күй тартып, журналистің жинақтарынан сатиралық шығармалар оқыды.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Бақытгүл  ЖақсыбаеваӘлімбай Ізбай шығармаларын насихаттауды келешекте дәстүрлі шараға айналдыратынын айтып оқырмандарды қуантып тастады.

Мұхтар МЫРЗАЛИН,

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button