Ауыл

Жобаның жемісі

Ырғыз

Жуырда аудан орталығында «Ягмур» азық-түлік дүкені ашылды.

Жаңа нысан Ырғыз ауылының жаңадан салынғаншағын ауданында орналасқан. Жеке кәсіпкер Жасұлан Амангелдіұлы дүкенді өз қаржысына салған.

— Өткен жылы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша курс оқып, кәсіп ашуға бағыт-бағдар алдым. Қуаныштысы, қазір ауданымызда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Әсіресе өз ісін ашуға ниетті жастарға қолдау көп. Ауыл тұрғындары жаңадан ашылған дүкенімізге келіп, қажетін сатып алып жатыр. Қазір дүкенде азық-түлік түрлерімен қатар, кеңсе тауарлары мен тұрмыстық заттар бар. Алдағы уақытта осы саланы дамытып, басқа да нысандар ашуды жоспарлап отырмыз, — дейді кәсіпкер.

Бүгінде дүкеннің жұмысын Жасұлан келіншегі екеуі жүргізіп отыр.

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button