Ауыл

Су спорты секциясы ашылды

Ойыл

Ойыл ауданында алғаш рет суға жүзуден  жарыс өтті. Бұл шараны  аудандық полиция бөлімі «Есірткіге жол жоқ» акциясы аясында ұйымдастырды. Жасөспірімдер арасында суға жүзуден өткізілген аудандық жарыстың мақсаты —. есірткіге қарсы қылмыстардың алдын алу, полиция имиджін көтеру және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Тартысты өткен сайыста  2010-2011 жылы туған балаларқұлаштап жүзуде шапшаңдықтарын көрсетті. Эмиль Медетов, Ертұғыр Қажымұқан, Мәулен Айдынғалиевтер алғашқы үштіктен көрінсе, 2013-2017 жылғылар арасындағы жарыста Дәулет Дәуренұлы, Өркен Қонаш, Абдулмомын Жұмабайлар жүзгіш атанды.

Аудандықполиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы  Дархан Ғалымжанов ұйымдастырушылар тарапынан қатысушыларға алғысын білдіріп, үздік спортшыларды арнайы дипломдармен, медальдармен және сыйлықтармен марапаттады.

Өткен жылы аудан орталығында заманауи үлгідегі денешынықтыру және сауықтыру кешені салынып, бірнеше спорт түрінің секциялары ашылған болатын. Бұған дейін суға жүзуді әуесқойлықпен үйренген ойылдық балалар енді кәсіби тұрғыда меңгеретін болады. Кешеннің бассейні жыл бойы жұмыс істейді.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button