Пікір

Ең негізгі нәрсені ұмытпайық!

Айжан ОРАЗАЛИНА,

Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицей директоры.

Бала — еліміздің ертеңі, өміріміздің жалғасы. Баласының білегі ауырса, анасының жүрегі ауыратын халықпыз.

Соңғы кезде қоғамда жасөспірімдер өлімі жиілеп кетті. Әрине, ажал айтып келмейді. Десе де балаларды қауіп-қатерден қорғау — міндетіміз. Қайғыдан қан жұтып, қара жамылып отырған отбасын сынап-мінеуден аулақпын. Бірақ осы біз бала тәрбиесіне қаншалықты жауапкершілікпен қарап жүрміз?

Кей жағдайлардың баланы бақылаусыз жібергеннен болып жатқанын сіз де, біз де іштей мойындаймыз.

Баланың тәрбиелі, мәдениетті болып қалыптасуы жолында мектептің рөлі жоғары, дегенмен барлығы ең алдымен ата-анаға тікелей байланысты.  Сондықтан ата-аналар қауымы осы мәселеге басты назар аударса деймін.

Баламыздың бар қажетін әперу үшін жұмыс істеп, табыс табуды басты міндетке санап, ең негізгісін — бала тәрбиесін ұмытпасақ екен.

Баланың ең жақын досы — анасы мен әкесі. Сондықтан балаңызбен әңгімелесіңіз. Оның ішкі әлеміне еніп, досындай кеңес беріңіз, сырласыңыз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button