Білім

Мектеп мерейі

Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы білім шаңырағының онжылдығын тойлады. Шараға облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, білім беру ісінің ардагерлері, қала мектептерінің басшылары, ата-аналар, мектеп ұжымы, оқушылар қатысты.

Алдыменжиынға қатысушыларғамектеп оқушыларының түрлі ғылыми жобалары мен қолөнер бұйымдарының көрмесі таныстырылды. Сондай-ақ мектептің шағын музейінің тұсаукесері өтті.

Бұдан соң жиналғандар«Қожаның NIS-тегі хикаялары» атты мерекелік театрландырылған концертті тамашалады. Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» туындысы концерт негізіне арқау етіп таңдалуы бекер емес. Биыл «Менің атым Қожа» фильміне 60 жыл толып отыр. Шарабасында көлеңкелі театрмектептің салынған кезінен бастап тарихын баяндаса, одан әрі жалғасқан түрлі қойылымдар ақылды тентек Қожаның зияткерлік мектептегі өмірін көрсетті. Әлеуметтік жобалар мен ғылыми зерттеулерге қызыққанбасты кейіпкер сотқар Қожадан үлгілі Қожаға айналады. Концерт ата-аналар, түлектер мен ардагерұстаздардыңәншашуларыменжалғасты.Спорттық-хореографиялық композиция арқылымектептіңүйірмелержұмысыкөрсетілді. NIS-тің«Нұр-шашу» үлгілі би тобыныңтүрліжанрдағыбилері зал толы көрерменніңықыласынабөленді.

Шарада облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова жылы лебізін білдіріп, мектеп директоры Сәуле Өмірбековаға облыс әкімі Ералы Тоғжановтың атынан Алғыс хат табыс етті.

Қазір білім шаңырағында 800-ден астам оқушы білім алып жатыр. Оларға 150-ге жуық педагог дәріс береді. Олардың 4-еуі — шетелдік педагогтар. Бүгінге дейін мектепті 928 түлек бітірді. Олардың 218-і Назарбаев университетіне, 152-сі шетелдік жоғары оқу орнына түсіп, —АҚШ, Ресей, Германия, Гонконг, Сингапур, Нидерланд, Ұлыбритания, Түркия, Оңтүстік Корея, Венгрия, Чехия, Қытай елдерінде білім алды.

Ақтөбедегі NIS-тің шәкірттері білім додаларында биік белестерді бағындырып, жеңімпаз атанып жүр. Соның нәтижесінде аталған білім шаңырағы 2021, 2022 жылдары «Ең үздік олимпиадалық мектеп» атанды. Жалпы 10 жылда мектептен 200-ден астам халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпаздары шықты. Рустам Валеев пен Санжар Хамитов ел тарихында алғаш рет география пәнінен «IGeO» халықаралық олимпиаданың алтын медалін иеленді.

Мектеп заман талабына сай техникалық құралдармен жабдықталған. Онда электронды кітапхана, интерактивті құралдармен жабдықталған сыныптар, соңғы үлгідегі физика, химия, биология кабинеттері бар. Мектепте мәжіліс залы, конференц-зал, роботтық техника, нанотехнология зертханалары, педагогтік және ақпараттық технологияларды ықпалдастыру орталығы жұмыс жасайды. Сондай-ақгимнастикалық және хореографиялық залдар, баскетбол, волейбол, футбол алаңдары, жүгіружолы бар спорт алаңы мен қысқы спорт түрлеріне арналған мұз айдыны бар. Мектепте түрлі клубтар, үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді. Бұлбалалардың тек білім алыпқанақоймай, өнерге, спортқажақынболыпөсуінемүмкіндікбереді.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button