Мереке

«Қазақ халқын ерекше құрметтеймін»

1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

Гюльоғлан НУРИЕВ,

Ақтөбе қаласындағы «Әзірбайжандар Ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары:

Біздің облыста шамамен 1300-ге жуық әзірбайжан тұрады. Әзірбайжандардың бір бөлігі Ақтөбеге қуғын-сүргін жылдары келсе, енді бір бөлігі тың игеру жылдары қоныс аударған екен.

Ал менАқтөбе қаласына 1987 жылы келдім. Білім алып, еңбекке араластық. Қазір де осы қалада тұратын әзірбайжандармен тығыз араласып тұрамын.Қаламыздағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында жексенбілік мектебіміз бар, әзірбайжан ұлтының биін насихаттап жүрген шығармашылық ұжым жұмыс істейді.

Өзім қазақ халқын ерекше құрметтеймін, қиын-қыстау жылдары қазақтар әзірбайжандарды жатсынбай, құшағына алған, көмектескенін үлкендерден естіп өстім. Менің де қазақ достарым көп. Қазақстан жері қандай байтақ болса, қазақтардың көңілдері де сондай кең. Бауырмал халық тек әзірбайжандарға ғана емес, біраз ұлтты бауырына басып, кеңпейілділік танытты. Мен Ассамблея жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесімін, ол жерде түрлі этнос өкілдері қазақтардың ата-бабасына жасаған жақсылығы туралы таңға дейін жырлауға бар.

Былтыр Ақтөбедегі халықаралық әуежайдан Бакуге тікелей рейс шықты. Біраз әзірбайжанның тарихи Отанымен байланысуына, ақтөбеліктердің тағы бір елге саяхаттауына, уақыт жоғалтпай, тез арада жетуіне жағдай жасалды. Бұл да үлкен қамқорлықтың белгісі.

Алғыс айту күнінде ең әуелі өсіп-өнген жерім — Қазақстанның халқына, оның ішінде өзім күнде көріп, қоян-қолтық араласып жүрген ақтөбеліктергешексіз алғыс айтамын. Ең бастысы, еліміз тыныш болсын! Қазақстан көркейе берсін!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button