Мереке

Алғысым шексіз бәріңе…

1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

Рамзия ЕСЕМБАЕВА,

облыстық аналар кеңесі төрайымының орынбасары

Адамдарды бір-біріне мейірбандық танытып, жақындата түсетін мерекенің бірі — Алғыс айту күні. Мен «Шатлык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің мүшесі ретінде ең алдымен мейірбан қазақ халқына алғыс айтамын.

Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен ортақ Отанымыз Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, өркендетіп келеміз.

Алғыс айту күнінде ынтымағы жарасқан қазақ еліне бақ-береке тілеймін. Мемлекетімізде тыныштық пен молшылық болсын! Әр шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!

«Ұлық болсаң, кішік бол» дегендей, кез келген ұлтқа құрметпен қарайтын қазақ ұлтына дән ризамын. Қазақстанымыз — көпке үлгі болатын мемлекет. Ұлт пен ұлыстың арасындағы ынтымақтастықтың арқасында алдағы мақсат-міндеттерімізге еш кедергісіз жететінімізге бек сенімдімін.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button