Мереке

Аман бол, ағаларым!

1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

Нұргүл БАЙМЕНОВА,

қала тұрғыны

Аязды қысты артқа тастап, көктемнің алғашқы күнімен қуана қауыштық. Биылғы көктем мен үшін өзіндік жаңашылдығымен, жақсылығымен келді. Тағдыр мені аз сынаған жоқ. Көпбалалы ана болу бақытын бұйыртқанымен, өзіндік сынақтарын қосып берді. 5 баламның екеуінің денсаулығында кінәрат бар.Бір кездері қатты қажып, тағдырға өкпелегенім рас. Мен де осы уақытқа дейін «Қолында билігі бар азаматтардың барлығы маған көмек көрсетуге міндетті» деп қате ойлайтындардың қатарында болдым. Бірақ облыс әкімінің айтқан ақыл-кеңесі менің ол ойымды түбегейлі өзгертті. Ол кісі кездескен сайын білім жетілдіріп, еңбектену керектігін үнемі айтатын. Соның нәтижесінде «Табысты отбасы» курсына қатысып, тәттілер пісірудің қыр-сырын толық меңгердім. Бір күн де сабақтан қалмауға тырыстым. Оқуды ойдағыдай аяқтап, сертификатымды алдым. Қазір өз кәсібімді ашуды ойлап жүрмін. Мен бұған дейінгі ойларымның қате екенін, біреуден алған нәрсенің берекеті болмайтынын түсіндім. Айтпақшы, тегін курстар, мемлекеттік бағдарламалар туралы толық мәліметті «Анаға тағзым» орталығындағы «Бақытты отбасы» орталығынан алуға болады.

Біздің қоғамда көпбалалы аналар өте көп. Бірақ менің жағдайым расымен өте мүшкіл еді. Балаларыммен бірге тұрып жатқан жерім адам көргісіз болатын. Облыс әкімі бұл мәселеге қатысты да қол ұшын созды.

1 наурыз — Алғыс айту күні қарсаңында барлық азамат жақсы адамдарға өз алғысын білдіреді ғой… Мен де өзімнің және балаларымның атынан облыс әкіміне, барлық жанашыр жандарға алғыс айтқым келеді. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button