Мереке

Әлемді қайырымдылық құтқарады

1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

Нұрлан ҮДЕРБАЙ,

«Қызыл Ай қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры:

— Ондаған жыл бойы түрлі қиын жағдайға ұшыраған жандарға күн сайын дерлік көмек ұйымдастырып келеміз. Мысалы, жақында ғана тұрақты мекенжайы жоқ, түрлі себеппен үйсіз жүрген жандар үшін қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырып, 25 адамға түскі ас бердік. Қыстың көзі қырауда  олар үшін бұл үлкен көмек екенін айтысып, ризашылықтарын білдірді. Жалпы, түрлі себеппен қиындыққа ұшыраған жандарға қол ұшын созғандағы мақсатымыз — тек материалдық тұрғыдан көмектесу ғана емес, оларға моральдық-психологиялық қолдау көрсету еді.

Әрине, қайырымдылық іс-шаралардың бәрі қайырымды жандардың, демеушілердің, ақшалай жәрдем бере алмағанмен, уақытын бөліп, сол іс-шаралардың басынан соңына дейін қызмет етіп жүретін еріктілердің қолдауымен ұйымдастырылады. Әлемді қайырымдылық құтқарады. Көктемнің шуақты мерекесі — Алғыс айту күнінде тіпті жақыны, туысы болмаса да, тағдырдың тауқыметіне ұшырап, қиындық көрген жандарға қол ұшын созуға әрдайым әзір мейірімді жандарға өзімнің ризашылығымды жеткізіп, мың алғыс айтқым келеді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button