ПікірСайлау

Таңдау мен мүмкіндік

Сәрсембай АМАНҒОСОВ,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында депутаттық корпустың жаңа шақырылымын сайлауды 19 наурызға белгілеп, азаматтарды осы саяси науқанға белсенді қатысуға, азаматтық жауапкершілік танытуға шақырған болатын. Міне, қазір облысымызда Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр.

Биылғы Мәжіліс және мәслихат сайлауында бірнеше ерекшелік бар. Мәселен, бірмандаттық сайлау округтері бойынша үміткерлер өзін-өзі ұсына алады. Олардың саны Мәжіліс деңгейінде 30 пайыз болса, облыс деңгейінде 50 пайыз болып отыр. Сондай-ақ аудан, қала деңгейінде депутаттар 100 пайыз мажоритарлық жүйемен сайланатын болды. Бұл елдегі беделді, сауатты, жауапты азаматтардың саясат сахнасына шығып, халықтың жоғын жоқтап, мұң-мұқтажын айтуына зор мүмкіндік деп ойлаймын.

Сайлау — өз учаскеңе барып, бір параққа белгі қою емес, елдің болашағына алаңдап, оның дамуына үлес қосу. Сондықтан облыс тұрғындарын осы сайлауға белсенді қатысып, дұрыс таңдау жасауға шақырамын.

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button