Ауыл

Оянған өлке

«Ауыл аманаты» жобасы аясында Мұғалжар ауданы тұрғындарының көбі тауарлық несиеге мал алып, өз ісін бастап кетті. Енді бірқатар тұрғынның өсімдік, құс шаруашылығы, шағын бизнесті дамыту мақсатындағы жобалары сақадай сай. Олар 10 күн ішінде қаралатын комиссия шешімін күтіп отыр.

Аталған бағдарламаға Мұғалжар ауданынан Жұрын және Еңбек ауылдық округтері қатысып жатыр. Жыл басынан берітауарлық несие алу аясындажұмыстарын Жұрын ауылдық округінің әкімі Рамазан Үргенішбаев жоғары деңгейде ұйымдастырып келеді. Қазіргі таңда «Қасай» шаруа қожалығының басшысы Ануарбек Исеновауылдың екі тұрғынына тауарлы несие ретінде4 бас ірі қара малды бес жылға мал басын өсіру мақсатында берді. Марат Қалмағамбетовтің он жылдай қаңырап бос тұрған қорасына жобаның арқасында екі сиырбайланып, ауласына жан біткендей болды.

Өзім бұрынырақта теміржолшы болып жұмыс атқарғанмын, кейін жұмыссыз қалдым. Екі баламды асырау үшін түрлі жұмысты істеп көрдім. Осы бағдарламаны естіген соң, ойланбастан мал аламыз деп шештік. Құжаттарымызды дереу дайындап, шаруа қожалығымен келісімшарт жасастық. Жоба талабына сәйкес қарызымызды өтеуге бір жыл каникул берілетіні біз үшінүлкен көмек, — дейді ол.

Келіншегі Күлпаршын ерекшке күтімді қажет ететін баласына қарайлап үйде отырғандықтан жұмыс істей алмайды. Ал енді бір баласы әскери борышын өтеп жүр. Сондықтан Марат «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға бірден шешім қабылдапты.

Жұрын ауылдық округінің әкіміРамазан Үргенішбаевтың айтуынша, «Ауыл Аманаты»жобасы аясында өсімдік шаруашылығын,құс шаруашылығын және шағын бизнесті ашуғанесие алуға барлығы 9 жоба құжаты дайындалып, «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына тапсырылған. Оның ішінде4 жоба комиссия тарапынан  мақұлданды. Сондай-ақ Жұрында ауылшаруашылық кооперативі құрылып, құжаттар комиссия тексерісінен өтті. Ал «Қонысбай» шаруа қожалығының басшысы ҒалымжанНүкісовауыл тұрғындары ҚуанышбекКөшербаев және Әділет Әбіловке барлығы 30 бас қой берді.

Еңбек ауылы еңбектеніп жатыр

Еңбек ауылдық округінде 2720 адам тұрады. Осы жобаның игілігін көруге талаптанып жатқан Еңбек ауылдық округінің тұрғындарынан әзірге 12 адамның құжаттары реттеліп, дайын тұр. Аталған округ әкімі Аманбай Қаюповтыңайтуынша, құс өсіру, тауық етін және сүт өнімдерін өндіру, жылыжай ашу, бақша дақылдарын өсіру жобалары мақұлдаудан өтіп тұр.

— Жоба іске қосылғаннан кейінауылда скрининг жасалып, округ бойынша 203 жоба анықталды.Оның 65-і— құс шаруашылығына, 12-сі өсімдік шаруашылығынақатысты. Алшағын орта бизнес бойынша 9 жоба қарастырылған.

Ауылда мал шаруашылығы да жақсы дамып келеді. Сондықтан аталған жоба аясында негізінен құс өсіріп,  өсімдік шаруашылығын дамытуға ден қойдық. Ақтөбедегі әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына тапсырған 12 құжаттың 8-і егін өсіруге қатысты. Жоба иелерінің көбі ауыл маңынан жер алып, кәсібін бастауға дайын.

Ал тауарлы несиені ауылымызда екі азамат алды. Олардың әрқайсысына «Арман-М» шаруа қожалығынан 25 бастан 50 қой берілді. «Қасай» шаруа қожалығынан да екі сиыр алған тұрғын бар. Ауылдастарының мал алып, қорасының сәні кіріп жатқанын көрген көршілердің де тауарлық несиеге қызығушылықтары артып отыр. Қазірдің өзінде 20 адам өтінім берді, — дейді ауыл әкімі.

Еңбек ауылына қарасты бірнеше шаруа қожалығы бар. Аманбай Қаюпов сол шаруа қожалықтарының басшыларымен келіссөз жүргізіп, ауылдағы жұмыссыз жүрген, не болмаса ақылы қоғамдық жұмыс жасайтын, жағдайы төмен отбасыларға ірі қара немесе қой алып бергісі келеді.

— Ауыл тұрғындары бұл жобаға үлкен үміт артып отыр. Біз де әр адам өз кәсібін ашып, табыс тапса, ауылдағы жұмыссыздық жойылар еді деген үмітпен тыңғылықты жұмыс жасап жатырмыз. Жастарымызды да кәсіпке байланысты білімін жетілдіруге ара-тұра аудан орталығына жіберіп тұрамыз, — дейді ол.

Тігінші Гүлзия

Бес-алты жылдан бері тігін тігумен айналысып келе жатқан Сағашилі ауылының тұрғыны Гүлзия Қарабалақовасұранысқа қарай сәбиді қырқынан шығаруға, тұсауын кесуге қажетті бұйымдар, бесік жабдығы мен қыз жасауы, көрпе-төсек, жамылғылар тігеді.Ол іс тігудің арнайы оқуын оқымаған. Бәрін тігінші анасынан үйреніпті. Бала кезінен анасының жанында отырып, тігудің барлық түрін үйренген Гүлзия бүгінде сүйікті ісін кәсіпке айналдырды.

Анам шебер адам еді. Сол себептен бала кезімнен іс тігуге икемім болды. Ол кісіден көп нәрсені үйрендім. Қазір осы тігінмен өз нанымды тауып отырмын. Киімнің түр-түрін тіге беремін. Тапсырыс өте көп. Тек ауылдардан емес, Ақтау, Атырау қалаларынан да тапсырыс түседі. Көбіне олар бесік жабдығын тігіп беруімді өтінеді. Өзім ғана болған соң, кейде үлгермей жатамын. Бір тапсырысты бір айдың ішінде ғана бітіремін. Сол үшін «Ауыл аманатына» қатысып, кәсібімді кеңейткім келеді, — дейді ол.

Гүлзияның кепілге қойған үйі 8 миллионға бағаланып, оның 70 пайызы несиеге беріледі. Бірақ ол түсетін қаражатты күтпестен тігін цехы болатын орын дайындап қойыпты. Ол үшін өзіне көршілес үйді екі миллион теңгеге сатып алған. Алдағы уақытта ісіне керекті тігін машиналарын, маталарды сатып алып, ісін бастап кетпек.

Маған өнеркәсіптік автоматты тігін машинасы керек. Оның көмегімен бір көрпешені 15 минутта тігіп, уақытымды үнемдеймін. Қазір артық тапсырыс қабылдай алмай отырмын, ал келешекте жұмыс күшін арттырғым келеді. Көрші тігінші апаны жұмысқа алып, тағы да басқа қыздарды іс тігуге үйретемін, — дейді Гүлзия.

Қазір Гүлзияның барлық құжаты дайын, тек комиссияның жауабын күтіп отыр. Бір ерекшелігі— бағдарлама аясында кәсібін бастап жатқандар алғашқы жылында несие төлемейді. Ал тігін кәсібіне ондай каникулды тек 6 айға ғана береді екен. Несие 4 жыл 6 айға беріледі. Бірақ Гүлзия оған қиналып отырған жоқ. Ең бастысы, барлық тапсырысты қабылдауға болатындай кәсібімді кеңейтсем дейді.

Аудан әкімі Асқар Шериязданов «Ауыл аманатына» қатысқысы келетін тұрғындардың көп екенін айтады.

Ауданымызды 12 ауылдық округ бар. Жоба бастау алғалы ауыл-ауылды аралап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын өткіздік. Бұл жобаның ерекшеліктері, ауыл тұрғындарына пайдасы көп екенін жеткіздік. Тұрғындарға бес жылға 2,5 пайызбен берілетін несиенің алғашқы жылы каникул ретінде есептелетіні ұнады. Қазірдің өзінде тауарлық несие алғандарғақызығып, өтінімдерін беріп жатқандар баршылық. Әр ауылдың әкімі жобаға қатысушылардың құжаттарын жинап, өздері қалаға әкеліп тапсырады. Демек, қатысушыларқұжат тапсыруы үшін қалаға қайта-қайта қатынамайды.

Бізде мал, егін шаруашылығынан бөлек, наубайхана, мал бордақылау пункттерін ашуға ниеттілер бар. Олардың құжаттары дайын, тек комиссияның шешімін күтіп отырмыз. Жалпы аудан бойынша 602 миллион теңгеге 107 жоба қарастырылды, — дейді ол.

 Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button